Атырау, 22 мамыр 06:34
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

​Талдықорғанда бастығын атып тастаған подполковникке сот үкімі шықты

1 879 просмотра


Алматы облыстық қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасары Асқар Оспановқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол 31 наурызда бастығы - полковник Бердібек Берістемовті кабинетінде атып тастады деп айыпталды. Ер адам алған жарақатынан сол жерде қайтыс болған.

26 қарашада сот Асқар Оспановты ҚР ҚК 101-бабы 1-бөлігі "Аффект жағдайында жасалған адам өлтiру, жәбiрленушiнiң зорлық-зомбылығынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетін ахуалдан болған кенеттен туындаған қатты жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған адам өлтiру" бойынша айыпты деп таныды. 

Талдықорған гарнизоны Әскери соты кеңсесіндегілердің айтуынша, ол екі жылға бас бостандығынан айырылған және жазасын қауіпсіздігі ең төмен мекемеде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, Оспанов куәгер болған өзге іс туралы анықталды.

Әскери қызметін өтеген сержант Қуаныш Нұрланов қоймаға жауапты болған және ол тонады деп айыпталған. Іс материалдары бойынша, Нұрланов бастығы Бердібек Берістемовтің бұйрығымен әскерилерге арналған тағамның 1000 жиынтығын қолды қылған, оның жалпы құны - 1,7 миллион теңге. Сержант 580 мың теңгені өтеген, ол енді 1,1 миллион теңгені төлеуі тиіс. Сержант Қуаныш Нұрланов ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығына шектеу қойылған. Берістемовке қатысты қылмыстық іс ол қайтыс болғаны үшін жабылды. Ол 2018 жылы 31 наурызда таңғы сағат 08.00-де қызметтік кабинетінде қайтыс болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 қараша 2018, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.