Атырау, 21 мамыр 05:24
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

​ҚР СІМ өкілдері АҚШ-та кибералаяқтықпен ұсталғандарға қатысты мән-жайды айтты

1 681 просмотра


Сыртқы істер министрлігіндегілер АҚШ-та екі қазақстандықтың кибералаяқтық жасады деп айыпталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияровтың хабарлауынша, Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы АҚШ билігі сырттай айыптап отырған Евгений Тимченко мен Сергей Овсянниковтың Қазақстан азаматтығына қатысты ақпаратты тексеріп жатыр. 

"АҚШ прокуратурасындағылардың айтуынша, Овсянников пен Тимченко 2018 жылы қазанда Малайзия мен Эстонияда ұсталған. Прокуратурадағылардың мәліметінше, оларды ұстау АҚШ сұранысы негізінде жүзеге асқан", - деп хабарлады Смадияров. 

АҚШ-та екі қазақстандық 36 миллион долларды кибералаяқтықпен тартып алған деп айыпталып жатыр. Бұл іс бойынша алты ресейлікке айып тағылған. РФ-ның Нью-Йорктегі бас консулдығы тағылған айыптарды растады. 

Іс бойынша Қазақстанның мына азаматтары тартылып отыр: Сергей Овсянников, Евгений Тимченко. Ал ресейліктер Александр Жуков, Борис Тимохин, Михаил Андреев, Денис Авдеев, Дмитрий Новиков және Александр Исаев. Қала прокуратурасының мәлімдемесіне қарағанда, Овсянников Малайзияда, Жуков Болгарияда және Тимченко Эстонияда ұсталып, енді АҚШ-қа жеткізіледі деп жоспарланып отыр, қалғандары бостандықта жүр.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 қараша 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.