Атырау, 17 мамыр 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Көрші елдерден жеткізілген рұқсатсыз өнімдер кері қайтарылды - министрлік

1 588 просмотра


Парламент Мәжілісінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ажар Қаджыбекова көрші елдерден шектеу қойылған өнімдердің тасымалдануы әрекеттерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қырғызстан мен Ресейден әкелінетін және транзиттелетін өнімдерге қатысты тиімді карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу мәселесі өзекті болып отыр. Ұтқыр топтар құрудың арқасында 2017 жылғы қазаннан бастап Қырғызстан аумағынан карантинге жатқызылған 4,2 мың тонна өнім тасымалының жолы кесілді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, заңсыз тасымал көпшілік жағдайда межелі орында немесе сату орындарында бір-ақ анықталуда», - деді А. Қаджыбекова ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында. 

Оның сөзіне қарағанда, Ресей Федерациясымен және Қырғыз Республикасымен шекаралас аймақтарда тұрақты карантиндік фитосанитариялық бақылаудың болмауы талаптарға сай келмейтін карантинге жатқызылған өнімдердің рұқсатсыз тасымалдануына жол ашуда. 

«Биыл аталған елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдау барысында өсімдіктер карантині саласында Еуразиялық экономикалық одақ және Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзудың 934 жағдайы анықталды. Сонымен қатар, осы аралықта үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 2 164 бұзушылық анықталғандығын айта кету керек. Бұл тұрғыда Өзбекстаннан өтінім жеткізуде аталған кемшіліктер орын алуда. Шекарада тұрған инспекторлар осы өнімдерді дер кезінде кері қайтарып жатыр», - деді комитет басшысы.

Дереккөз: inform.kz

27 қараша 2018, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.