Атырау, 17 мамыр 05:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Елордалық бүлдіршін аязды күні жұқа киіммен балабақшадан далаға шығып кеткен

2 122 просмотра


Елордада аязды күні балақшадан кішкентай бала жұқа киіммен далаға шығып кеткен. Бұл жайында қала тұрғыны Әсем Вахала Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгін Сарыарқа 15 пен Сарыарқа 17 арасында аязда үстінде жұқа кофтасы, колготкасы мен бәтеңкесі бар баланың жылап тұрғанын көрдім. Жұқа киіммен жалғыз тұрған балаға назар аудармастан қасынан өтіп жатқан адамдар жаға ұстатты», - деп атап өтеді  Әсем Вахала.

Оның жазуынша, бала  «Intellectumbala» балақшасының тәрбиеленушісі болып шыққан және оның қызметкерлері де баланың аязды күні қалаға қалай шығып кеткенін айта алмаған. Бұл оқиғаға орай Астана қалалық білім басқармасы да пікір білдірді. 

Ведомствоның баспасөз хатшысы Жазира Асанованың жазуынша, аталмыш балабақша елорданың білім басқармасының тізіміне алынбаған. Қызметі де регламенттелмеген балабақша коттеджде орналасқан, бейнебақылау камерасы мен күзетшісі де жоқ. 

«Шынымен де, бала тәрбиешінің салақтығынан далаға шығып кеткен. Ата-аналарынан бізге шағым әлі түскен жоқ. Дегенмен, біз Астана қалалық білім саласын бақылау департаментіне аталған мекеменің білім саласында қызмет жүргізуге рұқсаты бар-жоғын тексеруді өтініп, хат жолдадық. Астана қалалық білім басқармасы «көлеңкелі балабақшаларға» баласын рәсімдеу барысында қауіп-қатер бар екенін ескертеді», - деді ол.

Дереккөз: inform.kz

27 қараша 2018, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.