Атырау, 21 мамыр 08:05
 ашықВ Атырау +23
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Ресейде Кеңес Рақышевтің жеке өмірі туралы жазбалар бұғатталды

2 004 просмотра


Жазба авторы – банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Кеңес Рақышевті айыптаған.

Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері бірінші рет ресейліктердің жазбасын жергілікті сот шешімі бойынша жасырып қойды, деп хабарлайды Today.kz "Коммерсантъ" сайтына сілтеме жасап. 

Әңгіме қазақстандық БТА банктің иесі Кеңес Рақышевтің жеке өмірі туралы. Жазба авторы – банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов ер адамды кәмелеттік жасқа толмағандармен қарым-қатынасы үшін, өз-өзін өлтіруге дейін жеткізгені үшін және қылмысты жасырғаны үшін айыптаған. 

Рақышев жалған ақпарат тараған ондаған интернет алаңына қарсы шағым түсірді. Ол ақпараттардың абыройына нұқсан келтіретінін айтты. Мәскеудің Туша аудандық соты LiveInternet, Facebook және Instagram желілерінің жеке бетшелерін бұғаттауды қанағаттандырды. Осыдан кейін "Контент Ресейде ашылмайды" деген жазу пайда болды. Бірақ басқа елдердің қолданушылары бұл беттердегі жазбаларды еркін оқи алады. 

Аталған желілер алғаш рет 2018 жылдың сәуірінде күшіне енген заңды орындады. 

Жалған ақпараттарды бұғаттауға қатысты заң бойынша, ақпаратты өшіруден бас тартқан желілер 50 миллион рубльге дейін айыппұл арқалауы мүмкін. 

Дереккөз: today.kz

26 қараша 2018, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.