Атырау, 21 мамыр 05:24
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

​Қазақстан тумасы Омбы мэриясын өртемек болды деген күдікке ілінді

1 708 просмотра


Белгісіз біреу Омбы мэриясының есігіне тез тұтанғыш сұйықтық құйып, от қойып, жасырынған, - деп хабарлайды Superomsk

ҚР СІМ мәліметінше, бұл заңбұзушылықты Қазақстан тумасы жасаған деген күдік бар. Оқиға 23 қарашада, жұма күні сағат шамамен 19.00-де болған. 

Ер адам мэрия ғимаратына кірмек болған, бірақ кіргізбегендіктен есігіне жанғыш сұйық құйып, от қойған. Қала әкімшілігіндегілер бұл мәліметті растады. 


Басылымның мәліметінге, оқиға орнында ол Қазақстан тумасы Теміртау қаласының тұрғыны 1992 жылғы П.Семеннің паспортын қалдырып кеткен. Болжам бойынша, оның сыбайласы болған.  Бұл құжатты қаскөйлер өртке еш қатысы жоқ адамға жала жабу үшін де тастап кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. 


ҚР СІМ өкілдерінің айтуынша, ұсталған адам ҚР азаматы емес. 

"Біздің консул дереу жергілікті құқық қорғау органдарымен хабарласты. Ұсталған адам Қазақстан тумасы, бірақ ол Ресей азаматы", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 қараша 2018, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.