Атырау, 17 мамыр 21:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі болып тағайындалды

1 836 просмотра


Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Есімханов Сұңғат Қуатұлы Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымда қызмет атқарған Анатолий Шкарупа ұсынылған өтініш бойынша қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында туған. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының "Болашақ" өзекті білім беру институтын бітірген.   

Еңбек жолын 1996 жылы "Алюминий Қазақстан" АҚ-ның гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастап, онда 2000 жылға дейін жұмыс істеді. 

2001-2007 жылдары Астана, Ақтау, Қарағанды қалалары бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрамында маман, бөлім бастығы, департамент директоры қызметтерін атқарды. 

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 2010-2013 жылдары "Казахэнергоэкспертиза" АҚ президенті болды. 

2013-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2014 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 қараша 2018, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.