Атырау, 22 мамыр 07:16
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

​Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысы парамен ұсталды

Бейнежазба
2 504 просмотра


«Павлодар облысының мемлекеттік архиві» мекемесі басшысының міндетін атқарушы парамен ұсталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, шенеунік осыдан екі күн бұрын ұсталды. Ол мемлекеттік архив ғимаратына жүргізілген жөндеу бойынша кейбір кемшіліктерді жасырғаны үшін 500 000 теңгені талап еткен. Осы ақшаның 10 процентін- 50 000 теңгені алған кезде оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросының қызметкерлері қолға түсірді. 


«Кінәсін толық мойындауына байланысты күдікті қамауға алған жоқ. Тергеу шаралары жалғасуда», - дейді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Дереккөз: inform.kz

23 қараша 2018, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.