Атырау, 24 желтоқсан 04:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оралмандарға ҚР азаматтығын алу үшін амнистия беру керек – Бекболат Тілеухан

2 251 рет қаралды


Мұндай отандастарымыздың саны жеті мыңға жуық. Халық қалаулылары үкіметтен Қазақстан азаматтығын ала алмай жүрген оралмандарға амнистия сұрады, деп хабарлайды Today.kz

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан  шетелден елге оралған адамдар ҚР азаматтығын алу үшін оралман куәлігінін алатынын айтты. 

"Сосын табылса тіркеуде тұратын орын іздеуі тиіс. Тұрғын үй мен азаматтық алуға мүмкіндік беретін анықтамаларды жинағанша берілген оралман куәлігінің де мерзімі бітеді. Сол үшін азаматтық ала алмай қалады.  

Бұндай отандастарымыздың саны жеті мыңға жуық 

Оралман куәлігінің мерзімі өтіп кеткен осындай отандастарымыз үшін бір реттік немесе алты айлық амнистия берілуін және оларға Қазақстан азаматтығын алуға мүмкіндік берілуін сұраймыз", – деді депутат. 

Ол заң тұрғысынан қарағанда азаматтық алу оңайлатылғанымен, оралмандар бір жылдың ішінде азаматтық ала алмай жүргенін айтты. Бекболат Тілеухан үкіметтен осы мәселенің себептерін саралауды сұрады. 

Дереккөз: today.kz

22 қараша 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.