Атырау, 24 желтоқсан 04:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​ШҚО-да 19 жастағы сарбаз атылып өлген: Тергеу басталды

1 545 рет қаралды


Борышын өтеуге биыл мамырда шақыртылған 19 жастағы сарбаз 17 қарашада шекара заставасына қайтып келе жатқан жолда атылып өлген. Бұл мәліметті ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство мәліметінше, жігіт Алматы облыстық Қарасай ҚІО-дан шақыртылған. 

"Бекітілген автоматпен оң жақ кеуде тұсына оқ атқан. Оны Зайсан қалалық орталық аудандық ауруханаға шұғыл тасымалдау шарасы жүргізілген. 14.00-де жедел жәрдем дәрігерлері орталық ауруханаға алып бара жатқан жолда сарбаз қайтыс болды, диагнозы - оң жақ кеуде тұсына оқ тиген", - делінген хабарламада. 

Өлім дерегі бойынша әскери тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодексінің "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілер әлі анықталмаған.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 қараша 2018, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.