Атырау, 24 желтоқсан 04:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Серікбол Сайлаубек ән айтқанда қоршап тұрған қарулы адамдарға айыппұл салынды

2 275 рет қаралды


Серікбол Сайлаубек ән айтқанда қоршап тұрған қарулы адамдарға айыппұл салынды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

Сәдубаевтың айтуынша, күзет агенттігіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 484-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл кодекске сәйкес, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл салынады. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Серікбол Сайлаубек түсірілген видеоны ІІМ өкілдері тексеріп жатқаны хабарланған болатын. 

"Қаруланған адамдардың күзетуімен өнер көрсетіп тұрған орындаушының видеосы Сарыағаш қаласында түсірілген. Алдын ала болжам бойынша, ұйымдастырушылар күзет агенттігін жұмылдырған", - деген еді осығкан дейін ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 қараша 2018, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.