Атырау, 29 наурыз 14:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

1 733 просмотра


Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасын таныстырды. Жаңа басшы - Алик Айдарбаев.

А. Айдарбаев әр жылдарда «Оңтүстік Мұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» (кәсіпорынның аты кейіннен «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп өзгертілді), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компанияларында басшы лауазымдарын атқарған. 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры болған. 

2013 жылдан 2017 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қаңтарына дейін ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болды. 2018 жылғы 15 қаңтардан бері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді. 

Дереккөз: inform.kz

20 қараша 2018, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.