Атырау, 24 желтоқсан 04:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Мысыр билігі іздеуде жүрген қазақстандықты ұстап берді

1 938 рет қаралды


Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстанның ІІМ Интерполмен бірлесіп қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қазақстандықты Мысырдан Қазақстанға экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұсталған адам кісі өліміне күдікті адамдардың пайдасына сотта көрінеу жалған айғақ берген деген күдікке ілінген. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, тергеу органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Оны экстрадициялау қазақстандық қылмыстық қудалау органдарының мысырлық әріптестерімен бірлескен әрекеттерінің арқасында мүмкін болғаны айтылады. 

"Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, онда сот үкімі шығарылғанға дейін ұсталатын болады", - делінен хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 қараша 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.