Атырау, 23 сәуір 12:14
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Ресейде Қазақстаннан шыққан автобус аударылды

1 439 просмотра


Қазақстаннан Ресейдің Екатеринбург қаласына бет алған автобус жыраға түсіп кетіп, аударылған, бір жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости

Жол-көлік оқиғасы Екатеринбург-Шадринск-Қорған тас жолының 60-шы шақырымында жергілікті уақытпен сағат 06:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша «Қазақстан-Екатеринбург» бағытымен бара жатқан автобус жүргізуші (салонда 17 адам болған) көлік тізгініне ие бола алмай, жыраға түсіп кеткен. 

Одан кейін автобус бір қырына аударылған. Жол апаты нәтижесінде 1985 жылы туған әйел жолаушы зардап шекті. Оның миы шайқалып, басы мен қолдарының ашық жарақатымен Белоярск елді мекеніндегі ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: 24.kz

19 қараша 2018, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.