Атырау, 24 желтоқсан 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Әнші Серікбол Сайлаубектің басы дауға қалды

1 971 рет қаралды


Әнші Серікбол Сайлаубек ән салып жатқан кезде автоматпен  қоршауға алған күзет фирмасы қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қарулы күзет ортасында өнер көрсетіп тұрған әнші бейнеленген видео Сарығаш қаласында түсірілген. Алдын ала мәліметке сәйкес, ұйымдастырушылар мерекелік шараға күзет агенттігін тартқан. Қазіргі уақытта олардың қандай мақсатты ұстанғанын тексеріп, анықтап жатырмыз. Содан кейін олардың әрекетіне, сонымен қатар күзет фирмасы қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беретін боламыз», - деді Алмас Садубаев. 

Автомат асынған күзетшілердің ортасында өнер көрсетіп тұрғаны таспаланған видеоны әнші Серікбол Сайлаубек Инстаграмдағы парақшасына жүктеген болатын. 

Онда әнші: «Білмеймін негізі тойға өзім барғам және өзім қайтқам. Юлдуз Усманова тойға келген. Бізге ондай бақыт қайдан», - деп жазған еді.

Дереккөз: inform.kz

19 қараша 2018, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.