Атырау, 24 желтоқсан 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 70,5% артты

2 293 рет қаралды


Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 696 842 жеңіл көлік тіркелген. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70,5% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 3987,1 мыңды құраған. Есептік кезеңде 11 106 жол-көлік апаты тіркелген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,7 процентке аз. Сондай-ақ, жол апатынан 15 879 адам зардап шеккен.  

1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 15,5 млрд теңге сомасына 42 487 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

Дереккөз: inform.kz

19 қараша 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.