Атырау, 19 наурыз 16:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты

1 969 просмотра


Шымкентте үйлену тойында қонақтардың арасында жанжал шығып, біреуі оқ және пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Шымкенттегі салтанат сарайының бірінде өткен үйлену тойында жанжал шығып, қонақтардың біріне оқ атып, пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды  тілшісі.  

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қарашаның 14-нен 15-не қараған түні той үстінде бірнеше ер азаматтың арасында жанжал туындаған. Содан біреуі травматикалық қарудан екіншісінің маңдайы мен ішіне оқ атса, үшіншісі оның кеудесіне артқы жағынан пышақ сұғып жарақаттаған.

"Жанжал шығарғандар "Мазда" көлігімен қашып, бой тасаламақ болған кезінде полиция қызметкерінің көлігіне соқтығысқан", — деді полиция департаментіндегілер. 

Жарақат алған адам қалалық ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Жанжалға қатысқандар мен қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталған. Бірнеше сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 қараша 2018, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.