Атырау, 19 наурыз 12:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Шымкентте үйлену тойында атыс болды

2 504 просмотра


Қарашаның 14-нен 15-іне қараған түні тойда бірнеше қонақ жанжалдасып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төбелескендердің бірі травматикалық қарумен қонақтың біреуін бірнеше рет оқ атып, маңдайы мен ішінен жарақаттаған. Сол сәтте тағы біреу зардап шегушінің артынан келіп кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Қару қолданған жігіттер кейін «Мазда» көлігімен қылмыс болған жерден бой тасаламақ болған. 

Алайда, олар оқиға орнына келіп жеткен полиция департаментінің арнайы көлігімен соқтығысқан. Зардап шегуші қалалық ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Полиция қызметкерлері төбелескендердің барлығын анықтап, күдіктілерді ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Дереккөз: inform.kz

16 қараша 2018, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.