Атырау, 24 желтоқсан 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Бозымбаев: Қазақстан жанармайы Ресейге кетіп жатыр

1 671 рет қаралды


Қазақстан жанармайы Ресейге кетіп жатыр. Шекараны барынша қадағалау керек деп мәлімдеді энергетика министрі Қанат Бозымбаев. 

Ол Ресейде бензин бағасының қымбат болуынан жанармай тапшылығы орын алып жатқанын айтты. «Ресеймен шекаралас аймақта жанармай бағасы күрт өсіп кетті. Егер үш миллион халқы бар Түркістан облысы мен 700- 800 мың халық тұратын Қостанай немесе Батыс Қазақстан облысымен салыстыратын болсақ, соңғы екі облыста бензинге деген сұраныс көп. Бұл жанармайдың әрі қарай Ресей асып жатқанын білдіреді. Сондықтан шекараны қатаң бақылауға алу керек», - деп мәлімдеді Бозымбаев. Энергетика министрінің бұл ұсынысы бүгін өтетін үкімет отырысында талқыланбақ.

Дереккөз: qazaqtimes.com

16 қараша 2018, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.