Атырау, 22 мамыр 00:33
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

Қарағанды облысында ер адам әйелі мен қызын қағып кетті: Қыз ауруханада қайтыс болды

2 009 просмотра


Қарағандыда әкесі көлікпен қағып кеткен 7 жасар қыз ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қыз ауруханаға түскен кезде жарақаттары тым ауыр болған. Ауыр халде комада жатты. Жасанды желдету аппаратымен тыныс алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бірақ қыз бүгін қайтыс болды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Айжан Иса. 

Еске сала кетейік, мұның алдында қарағандылық тұрғынның әйелі мен қызын қағып кеткені жайлы хабарланған болатын. Әйелі оқиға орнында қаза болған еді. Қайғылы жағдай Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында болған.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 қараша 2018, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.