Атырау, 21 мамыр 15:58
 ашықВ Атырау +18
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

​Олжас Сүлейменов пен Самал Еслямова. Президент стипендиясы кімдерге берілді?

2 086 просмотра


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы  1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген өкімде. 

Осылайша 2018 жылы Тұңғыш Презиент стипендиясын ақын Күләш Ахметова, жазушылар Олжас Сүлейменов пен Сәбит Досанов, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, әртіс Асанәлі Әшімов, актриса Самал Еслямова және тағы да басқалары алды. Стипендия иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 қараша 2018, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.