Атырау, 26 сәуір 17:47
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Ақтауда КВН ойыншысын өлтірген қылмыскерлерге қатысты сот үкімі шықты

2 165 просмотра


Ақтауда көңілді тапқырлар клубының ақтөбелік ойыншысы Данияр Әлімбаевті пышақтап өлтірген қылмыскерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы суық қару қолданып, бұзақылық жасау және адам өлтіру бабы бойынша үш күдіктіні 2 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. Жазаға кесілгендер қайтыс болған азаматтың әйеліне 4 млн теңге моральдық шығын төлейді. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым түсіре алады. 

Естеріңізде болса, шілде айында қала кафелерінің бірінде төбелес болып, соңында Данияр Әлімбаев сол аяғынан жараланған еді. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны өлімнен арашалап қала алмады. Марқұмның артында әйелі мен төрт баласы қалды. 

Әсел Әлімбаева, Д.Әлімбаевтың зайыбы: 

– Балаларым әкесін іздеп, күнде сұрайды. Енді оның ортамызға қайта оралмайтынын білмейді. Жолдасымның өліміне себепкер болғандарға шыққан сот үкімімен келіспеймін. Тиісті органға қарсы шағым түсіремін. Қылмыскерлер қатаң жазаға тартылуы керек.

Дереккөз: 24.kz

14 қараша 2018, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.