Атырау, 21 мамыр 17:28
 ашықВ Атырау +18
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстандағы алғашқы роботталған хирургия орталығы көрсетілді

1 578 просмотра

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы роботталған хирургия орталығында жасалатын оталардың бүкіл өңір үшін бірегейлігін атап өтті. Елбасы Қазақстандағы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы негізгі міндеті роботталған хирургияны құру, дамыту және оны практикалық медицина саласына енгізу болып саналатын орталықтың жұмысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев медицинада инновациялық шешімдерді қолданудың маңыздылығына тоқталып, роботталған хирургия орталығында жасалатын оталардың бүкіл өңір үшін бірегейлігін атап өтті.

"Мұндай үлкен бастама халқымыздың игілігіне бағытталған. Медицина саласын роботтандыру мамандарымыздың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Осындай орталықтың ашылуы – отандық денсаулық сақтау саласындағы маңызды оқиға. Бұл көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді", – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы орталықта ем қабылдаушылармен әңгімелесіп, Президенттің Іс басқармасы Медицина орталығының жалпы жұмысы және оны дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен құрылған роботталған хирургия орталығы медицина мамандарын даярлап, олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, клиникалық сынақтар өткізіп, әлемдік деңгейдегі заманауи роботталған технологияларды қолдана отырып, ғылыми әзірлемелер дайындайды.

Дереккөз: bnews.kz

14 қараша 2018, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.