Атырау, 24 желтоқсан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Премьер-Министр Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

1 752 рет қаралды


ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Таразға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Үкімет басшысының сапар бағдарламасында бірқатар өнеркәсіптік өндірістерге, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға баруы жоспарланған.

Атап айтқанда, Премьер-Министр азық-түлік өндірісі кәсіпорындарын, «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында жаңа 15-ші шағынауданның құрылысын, дарынды балаларға арналған IT-лицей-интернатын, қалалық Жұмыспен қамту орталығын, Политехникалық колледжді, Қайрат Рысқұлов атындағы жаңартылған саябақты көреді. 

Дереккөз: inform.kz

14 қараша 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.