Атырау, 21 мамыр 08:51
 ашықВ Атырау +23
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Қытайдың басқа аумақтарға шабуыл жасау туралы ойы жоқ - Назарбаев

1 982 просмотра


Қазақстан Қытайдың ең жақын көршісі болып саналады және ол қазір Қытай тарапынан ешқандай қысым көріп жатқан жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мысалы, маған неліктен мұндай конфронтацияның (АҚШ пен Қытай арасындағы - автор.) болып жатқаны түсініксіз. Біреулер Қытайды өзін мемлекет етіп көрсеткісі келетін континент деп айтады. Қытай - ол өзін халық ретінде таныстырғысы келетін өркениет. Расында да солай. (...) Ешқандай шабуыл мен қысым және патернализмді сезіп жатқанымыз жоқ", - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың өз ішкі проблемалары (жұмыссыздық, көші-қон және тағы басқа) жеткілікті екенін айтып өтті.

"Си Цзиньпинмен жиі кездесіп тұрамын, осы тақырыптарда ашық сөйлесеміз. Қытайдың экспансия, басқа аумақтарға шабуыл жасау туралы ойы жоқ. Керісінше оларға даму керек, бейбіт өмір керек. Мемлекеттің ішкі жағдайын жақсартып, елдің технологиялық өсімін дамыту керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қытай жаһандану мен даму идеясын белсенді түрде қолдап жатыр.

"Жібек жолында" жаһандану дамып жатыр. Бұл бағдарламаға әлемнің 60-тан аса мемлекеті қатысып жатыр. Қытайдың қаражаты бар, мемлекеттердің дамуына көмектесіп жатыр. Мұнда елді басып алу қаупі бар ма? Мен ондайды көріп тұрған жоқпын", - деді Президент.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 қараша 2018, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.