Атырау, 17 мамыр 05:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Ірі дағдарыстар болуы әбден мүмкін - Назарбаев

2 123 просмотра


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында әлемдегі державалардың қайтып жаппай қарулануы мен әскери конфронтацияның қаупі жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президенттің айтуынша, Қытай, Ресей және АҚШ елдерінің бәсекелестігі ұзақ уақыт бойы байқалмай келген. 

"Постбиполярлық әлемдік тәртіп деген ұғым қалып барады. Бұған жаһандық ойыншылар мен жаһандық державалардың арасындағы бәсекелестік әсер етіп жатыр. Ресей, АҚШ және Қытай Халық Республикасы арасындағы геосаяси шиеленіс бүкіл Еуразия аумағында байқалып жатыр. Осы үш ел арасында үнемі қиын сәттер болатын. Ол мемлекеттердегі басқару деңгейі де соңғы жылдары төмендеп барады", - деді Президент.  

Оның айтуынша, осындай дағдарыс жағдайларындағы түсініспеушілік пен қателіктер әскери конфронтацияға алып келуі мүмкін. 

"Енді ірі дағдарыстардың болуы әбден мүмкін. Ірі шиеленістердің пайда болуын тудыратын жағдайлар да көбейіп жатыр. (...) Зымырандарды жою бойынша жасалған келіссөздердің жағдайы қиындап барады. Енді стратегиялық шабуылды қаруландыруды қысқарту туралы келісімшартты ұзарту мәселесі бар. Ол заңның күші 2021 жылға дейін", - деп ескертті Мемлекет басшысы. 

"Әлемдік державалар қайтып жаппай қарулануы мүмкін, адамзат өздерінің балаларының болашағы үшін және бүгінгі күні үшін уайымдап жатыр", - деді Назарбаев.  

Президент Astana Club отырысы аясында талқыланған мәселелердің бүкіл әлемге пайдасын тигізеді деген сенімде екенін айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 қараша 2018, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.