Атырау, 17 мамыр 23:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Үкімет басшысы Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады

1 880 просмотра


Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Ұлттық экономика министрлігінің Монополияға қарсы комитеттің оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын тәртіпке келтіруін қолдаймын. Оған қосымша мәлімет ретінде менің Өкімімен Ұлттық экономика вице-министрі, яғни осы саланың кураторы Серік Жұманғаринге  сөгіс жарияланды», - деді Б. Сағынтаев Үкімет отырысында. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етті. Сонымен қатар Президент Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды.

Айта кетейік, Елбасы тариф саласында орын алған кемшіліктерге байланысты  ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады

Дереккөз: inform.kz

13 қараша 2018, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.