Атырау, 21 мамыр 10:07
 ашықВ Атырау +23
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

​45 қазақстандық отырған автобус Ресейде жол апатына ұшырады

1 400 просмотра


Новосібір облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста кемінде 45 Қазақстан азаматы  отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ТЖМ Бас басқармасының сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, халықаралық автобус Новосібірден Шымкентке бара жатқан.  Повторить "Жол апаты "Р-254" федералды тас жолының 1368-ші шақырымында болған. Жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста 46 адам болған, оның біреуі жүргізуші. Барлығы да Қазақстан азаматы. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шекті", - делінген хабарламада.  

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жол сақшылары және аудан әкімшілігінің өкілдері келген. Көмек көрсету шараларына 24 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылған. 

Барлық зардап шеккендер Коченев аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қалған жолаушылар жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен "Актин" кафе қонақ үйіне эвакуацияланды. 

Содан кейін, барлық жолаушылар резервтегі автобуспен барар жеріне жеткізілді.  "Омск қаласындағы өкілімізбен хабарластық, оқиғаның мән жайын анықтап жатырмыз", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Айбек Смадияров. 

Дереккөз: tengrinews.kz

13 қараша 2018, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.