Атырау, 15 қаңтар 02:21
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​Португалияда «Эйр Астана» ұшағынан техникалық ақау табылды

2 184 рет қаралды


Португалияда «Эйр Астана» ұшағында техникалық ақау дабылы қағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«2018 жылы 11 қарашада «Эйр Астана» әуе компаниясының Эмбраер-190 ұшағы Португалияда техникалық қызметте болды және сынақтық ұшуда техникалық ақау дабылы іске қосылды. Экипаж Португалияның Бежа қаласындағы аэродромға қонуға мәжбүр болды», - деп хабарлады ҚР Азаматтық авиация комитетінен.

Ұшақ жерге еш кедергісіз қонды. Оның бортында экипаж мүшелері ғана болған.

Дереккөз: inform.kz

12 қараша 2018, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.