Атырау, 24 желтоқсан 01:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​"Әр таңда бұл ұлы адам - Юрий Пя Кардиохирургия орталығының маңында қар тазалайды"

Бейнежазба
1 813 рет қаралды


Әлеуметтік желілерде қазақстандық танымал дәрігер әрі кардиохирург Брий Пя аурухана алдында қар тазалайды. Видеоны Facebook желісінде алматылық белгілі белсенді Константин Авершин жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әр таңда ұлы адам Юрий Владимирович Пя өзі басқаратын Кардиохирургия орталығының маңында қар тазалайды, мұнда ол күн сайын әріптестерімен және оқушыларымен бірге Қазақстанның балаларын, халқын құтқарады. Мұнда шетелдіктер де емделіп, ота жасату үшін келеді, сондықтан Қазақстан кардиохирургияда жетекші ел саналады, жүрек трансплантациялау, тұңғыш рет жасанды жүрек салу, бұдан кейін мыңдаған адамның өмірі аман қалды. Әр таңда ол аурухана маңында қар тазалайды", - деп жазды Авершин. 


Юрий Пя 1957 жылы 22 тамызда Таразда дүниеге келген. 2010 жылдан бері Астанадағы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ-ны басқарып келеді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

9 қараша 2018, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.