Атырау, 24 желтоқсан 01:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстандық ауыр атлетке 2016 жылғы Олимпиаданың медалі табысталды

1 591 рет қаралды


Румын ауыр атлеті Синкраян спорттан шеттетілгеннен кейін қазақстандық Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Улановқа 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды.  

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, Дениске Олимпиада жүлдесі екі жылдан кейін бұйырды. Ауыр атлетиканың бетке ұстар мамандары жиналған басқосуда қазақстандық зілтемірші өзіне тиесілі медальді еншіледі. Улановқа Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аянның өзі қола жүлдені тапсырды.

Риодағы Олимпиада ойындарында Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, төртінші орынға табан тіреген болатын. Қоссайыс қорытындысы бойынша біздің спортшы 390 келіні еңсерді. Румыниялық Габриель Синкарян да дәл осы нәтижені тіркеген. Алайда, салмағының жеңілдігіне байланысты қола жүлде Синкарянның қоржынында кеткен.

Кейін Синкарянның Олимпиада ойындарында тапсырған допинг сынамасы оң нәтиже бергені анықталды. Румын атлеті спорттан шеттетіліп, оның Олимпиададағы көрсеткіші жоққа шықты. Осылайша, қола медаль ресми түрде Денис Улановқа табысталды.

"Бұл жүлдені тұтастай екі жыл күттім. Әрине, Олимпиада тұғырында тұрғандай сезім болған жоқ. Десе де, бұл сәтті де жақсы орайластырып, еліміздің туын көкке көтерді. Мұның бәрі жақсы әсер қалдырды", — дейді спортшы. 

Ашхабадтағы әлемдік сында Уланов 89 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, В тобында өнер көрсетті. Жарақатына қарамастан 352 келіні көтерген жерлесіміз жалпы есепте 14-ші орынға тұрақтады. 

Ол 2020 жылғы Олимпиада ойындарының фавориттері қатарында. 

Дереккөз: sputniknews.kz

8 қараша 2018, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.