QAMSHY.KZ. «Банкіңіз банкрот болмасын...» - Қазіргі заманда банкпен байланысы жоқ адамды таппайтын шығармыз. Бұрындары қарт адамдар зейнетақысын тек кассадан алатын болса, қазір олардың барлығын банктік карточка жүйесіне көшіріп тастады. Әлбетте, қаржы мәселесінде банк жүйесінің атқаратын қызметі маңызды екені белгілі болса да, осы күнге дейін оның проблемалары мен мәселелері де көп болып отыр. Оның ішінде кез келген банктің жабылып қалуы, оның клиенттері немесе оның айналасындағылар үшін үлкен әбігерлік тудыратыны жақсы емес.
«Бюджет қаржысына қымбат шетелдік көлік мінетін шенеуніктерді заңға тарту керек» - Бізге көлік өндірісін дамытуға қатысты жаңа инновациялық қадамдарға бару керек. «Қазақстан-менеджмент-маркетингтік» зерттеу орталығының сарапшы маманы Бауыржан Ақаевтың айтуынша, шетелден көнерген техникаларды таси беріп, ескі техникалардың мұражайына айналуға шақ қалдық. Деректерге жүгінсек, қазір елімізде 3 млн 851,6 мың жеңіл көлік бар. Өкініштісі, оның 12%-ы ғана жаңа. Отандық зауыттардан былтырғы және биылғы жылы құны 103,8 млрд теңгені құрайтын 16 мың 139 жеңіл автокөлік шығарылған. Сарапшы-маман Бауыржан Ақаев бұл көрсеткіштің аз екенін, елде ескі және моральдық тұрғыдан тозған көліктердің тым көп екенін алға тартты.
«Жалған статистика аралас некеге апаруы мүмкін» - Қыздың абыройын ұлттың абыройы санаған, аруларын ауыл болып көлденең көз бен желікпе сөзден қорғаған күндер тарихтың терең қатпарларынан қол бұлғап, келмеске кетті. Қоғамда кеңінен таралған жалған статистика да қыз балалардың қадірін кетіріп тұрған бір есер күшке айналды. Иә, екінің бірі сөзіне тұздық етіп, пікірін әдіптегісі келетін әйелдер мен ерлердің санына қатысты дәйексіз ақпарды жиі еститін болдық. Олардың айтуынша, Қазақстанда әрбір ер адамға 7-8 қыздан келетін көрінеді. Осы ақпаратты негізге алған көп қаракөздеріміз қазақ азаматтарының аздығын тілге тиек етіп, шет елдік азаматтарды ес тұтып, етегінен ұстауды қалыпты жағдай көріп отыр.
«Палестина мен Күрдістан халқының отансыз қалуы жерді жалға беруден басталған» - Қазақ-қазақ болғалы, қазақтың ең жанды жері «Жер дауы мен жесір дауы» екені белгілі.
«Қазанның құлауын қайқы қылышпен түсіндіретін тарихшыларға қарсылық» - Күздің қара суығында Мәскеу билеушісі IV Иван 150 зеңбірек, темір сауыт құрсанған 150 мың әскерін бастап, Қазан қаласына келіп жетті. Бұл уақытта Қазан бар-жоғы 30 мың сарбаз жинап үлгерген еді.
INFORMBURO.KZ. «Кореяда қазақтар қандай жұмыс істеп жүр?» - Жұмыс іздеп Кореяға аттанған отандастарымыз кәрістер ұсынған кез келген жұмысты істеуге мәжбүр. informburo.kz тілшісі жат елдегі қазақтармен тілдесіп көрді.
«Туған жерден безу – күдер үзудің белгісі» - Осыдан бірер апта бұрын Қазақстан азаматтары үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің Green Card кезекті лотореясына тіркелу науқаны болып өтті. Америка азаматтығына жол ашатын аталмыш құжатты алуға ниеттілер өткен жылдардан еселеп көбейген. Тек бір Алматының өзінде оған күніне ұзын-сонар кезекке тұрып, 100 адамнан жазылады екен.
«Қазақстан ішкі туризмнен жылына $20 млрд жоғалтады дейді мамандар» - "Туризмді экономиканың табысы мол саласына айналдыру үшін кешенді және мазмұнды жұмыс жүргізу қажет. Шетел тәжірибесінен үлгі алуға болады. Көрме-презентация, форумдар мен буклеттер мәселені шешпейді", – деп жазды Қасым-Жомарт Кемелұлы 2018 жылы 8 қазан күні.
QAZAQUNI.KZ. «Қабдеш Жұмаділов: “Белгілі бір топ біздің буынды көпке дейін Айтматовқа жолатпады”» - «Шыңғыс Айтматов! Кеңес әдебиеті көгінде ұзақ жыл жарқыраған осы бір жарық жұлдыз туралы да, орайы келіп тұрғанда бірер сөз айта кеткеніміз жөн шығар. Қайсыбіреулерше мақтанбай-ақ қояйын. Айтматов менің жақын танысым, сөйлескен кісім емес. Жиналыстарда кезігіп жүрдік, той-томалақ, банкеттерде дастархандас болдық. Бірақ жеке сөйлесудің реті келмепті. Сөйлеспейін деп бой тартқан мен жоқ-ау. Айтматов қолға түспеді.
DALANEWS.KZ. «Назарбаев: “Шевронның тарихы Қазақстанда табысты бизнес жүргізуге болатынын дәлелдеді”» - Елбасы АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росспен кездесті.
QAZAQTIMES.COM. «Соққыға соққы: Иран батыстық санкциялардан оқшаулана ала ма?» - АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа қатаң санкциялары күшіне енді. Ядролық келсім бұзылғаннан кейін ел қайтадан Батыспен бизнес жүргізу мүмкіндігінен – мұнайды сатудан және әлемдік қаржы жүйесінен айырылмақ.