Атырау, 24 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Каскадердің өлімі: Алматы полицейлері өлім себебін анықтап жатыр

2 080 рет қаралды


Каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Каскадердің өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Қазіргі уақытта Алматы қалалық Медеу ауданының Полиция басқармасының Тергеу бөлімшесіндегілер 2018 жылдың 3 қарашасына қараған түні "ТСБ" түнгі клубында қайтыс болған 1984 жылғы Жұмағожиннің өліміне қатысты істі тергеп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің қызметкерлері. 

Сондай-ақ, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылады. Нәтижесінде болған оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Мұның алдында Қасым Жұмағожиннің жары Альбина каскадердің өліміне қатысты жалған ақпарат таратушы әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жариялаған болатын. 

Еске сала кетейік,  4 қарашада Nomad Stunts командасының өкілі, қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің қайтыс болғаны жайлы хабарланған болатын. 

Ал кейінірек Nomad Stunts командасындағылар танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты мән-жайды айтып берген еді. Nomad Stunts тобының коммуникациялар жөніндегі менеджері Евгения Лидің айтуынша, 3 қарашада Қасым Жұмағожин әріптестерімен бірге барлардың бірінде шоу-бағдарламаға қатысқан. Сценарий бойынша ол асылып тұрған мумияны сомдаған.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қараша 2018, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.