Атырау, 24 желтоқсан 01:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Қазақстанда күнкөріс деңгейі қанша

2 119 рет қаралды


Ағымдағы жылдың қазанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28 620 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ведомство мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8 пайызға жоғарылады. 

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 18,7, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 14,6, жемістер мен көкөністерге - 12,7, нан және жарма өнімдеріне - 6,9, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,1 пайызға жетті.  

Дереккөз: inform.kz

5 қараша 2018, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.