AZATTYQ.ORG. «Ұмыт қалған ашаршылық және Назарбаевтың ықтимал мұрагерлері» - Халықаралық БАҚ осы аптада Қазақстанда ашаршылықтың Украинадағыдай өткір бағаланбауының себептерін, Назарбаевтың ықтимал мұрагерлері туралы жазған. Ықтимал мұрагерлер қатарында Тоқаев, Тасмағамбетов, Құлыбаевтың аттары аталады. Әлемдік баспасөз бұған қоса, Қазақстанның Қытайға тасымалдайтын газ көлемін арттыру мәселесін және Тамғалыдағы петроглифтер тақырыбын да қозғаған.
«Бұл - саяси террор құрбандарын қорлау» - Новосибирск қалалық мэриясы Сталин ескерткішіне орын таңдауды ұсынды. Новосибирскіде «Қоғамдық тыңдауға қатысқан қала тұрғындарының көбі Сталинге ескерткіш қоюды қолдады» деп хабарлады қарашаның 2-сі күні қала билігі. Дерек бойынша, 155 адам қолдайтынын білдіріп, 85 адам қарсы дауыс берген. Жиырма күндік талқылауда мэрияға 243 адамнан хат келген.
«Роберт Мюллердің "озбырлығына ұшыраған құрбандар" оқиғасы» - Арнайы прокурор Роберт Мюллер Федералды тергеу бюросына (ФТБ) арыз түсіріп, өзін белгісіз біреулердің "жыныстық бопсалау жасады" деп айыптауға тырысып отырғанын хабарлаған. Бұл ақпаратты бірнеше америкалық басылым таратты.
«Жеңілген Қонақбаев "бокстың болашағы үшін күресе бермек"» - Мәскеуде өткен AIBA (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) конгресінде ұйымның жаңа президенті сайланды. Сайлау қарашаның 3-і күні өтті. AIBA президенттігіне қазақстандық Серік Қонақбаев пен өзбекстандық Гафур Рахимов кандидат болды. AIBA дерегінше, Мәскеудегі конгресте барлығы 134 ел дауыс берді.
QAMSHY.KZ. «Әділ сотымыз "әділ" болмауы керек» - Тәуелсіздікпен бірге айналымға бекем енген бірер сөзге байланысты бұдан көп уақыт бұрын айтқан пікіріме қайта оралғанды жөн көріп отырмын. Кеңес дәуірінде қазақтың күнделікті тыныс-тіршілікте пайдаланатын көптеген сөзі қолданыстан қолдап ығыстырылған болатын.
«Қазақ тарихының көкжиегін кеңейткен қандастарға ұлт тарихынан лайықты орын табыла ма?» - Тәуелсіздіктің арқасында ұлт ретінде түгенделіп жатырмыз. Қазақ жеріндегі және сырт елдерге тарап кеткен қазақтардың рухы, салты, тілі мен әдебиеті, мәдениеті, тарихы біртұтастанып, байытыла толығып жатыр.байлап қойған көнерген теорияны қашан жаңартамыз?»
DALANEWS.KZ. «Мағбат Спанов: “Бәріне өзі кінәлі, бәріне өзі жауапты”» - Дағдарыстың шеті мен шегі көріне ме? Келер жылдан не күтеміз? Тұрмысымыздың оңалатын түрі бар ма? Forbes-қа сұхбат берген экономист Мағбат Спанов осы және өзге де мәселе төңірегінде ой қозғапты.
INFORMBURO.KZ. «Қасқыр торыған ауыл. Қасқыр туралы ырым-танымдар» - "Көк бөрі емген көк түркінің тұқымымыз" дейтін халықтың өмір салтына сіңген қасқыр туралы айтары көп. Неге қасқырдың тірсегін қияды, тарамысын күйдіреді?
AIKYN.KZ. «Карлаг: Өлгендер қайтып келмейді» - Карлагқа бару туралы ой бұрыннан болатын. Астанаға қоныс аударғалы тарихи өлкемен танысуға асықтым. Алғаш сәті түскен күні Астанадан Қарағандыға жол жүрдік. Жанымда құрбым бар. Қарағандыдан №121 автобусқа отырып, бұрын-соңды көрмеген Долинканы бетке алып, жүйткіп келеміз. Қалада басталған сәулетті, еңселі ғимараттарды ұзаған сайын аласа үйлер алмастырып, бос жатқан дала мен бір бүйірі құлаған, ескілігін алыстан жазбай тануға болатын қиранды баспаналарға жалғасып жатты. Уақыт көлігіне мініп, өткен ғасырдың 30-жылдарына қайтып бара жатқандай сезімде болдық.
QAZAQTIMES.COM. «Сарбаздарымыз Ливанға аттанды: Қазақстанның тарихтағы бітімгершілік миссиясына шолу» - Бірер күн бұрын ғана Қазақстанның 120 сарбазы Ливанға бітімгершілік мақсатта аттанып кетті. Олардың міндеті – елдегі қауіпсіздікті қадағалап, Үндістан әскерилерімен бірге тізе қосып қимылдау. Осы орайда бұған дейін қазақстандық әскердің қанша рет бітімгершілік мақсатта шекара асқанын санамалап көрдік.
«Грузиядағы сайлау: Азаматтық соғысқа қадам» - Грузия үміткерлер дауысының тең түсуіне байланысты президенттік сайлаудың екінші турына дайындалуда. Бұл – посткеңестік кезеңдегі сирек жағдай.