Атырау, 30 сәуір 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

​Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе үрейлі SMS-ті газетпен өлтіреді

2 073 просмотра


Кеше көптеген қазақстандықтар Kaspi.kz ұялы қосымшасына кіре алмады. Үйреншікті қызметтер қолжетімді болмады. Kaspi-де техникалық ақау болғанын айтып, оны тез арада түзетуге уәде берді. 

Осы уақытта қазақстандық БАҚ редакцияларына аноним хабарламалар келіп түсе бастады: "Ломтадзе Каспи банктің ақшасын алып қашып кетті. Банкомат, ұялы қосымша және сайт жұмыс істемейді".

Сондай-ақ, WhatsApp арқылы жас жігіттің қазақ тілінде "бастықтар" қашып кеткендіктен, Kaspi-дегі шоттарын шешіп алуға шақырған дауыстық хабарламасы тарай бастады. Kaspі баспасөз қызметінің басшысы, атқарушы директоры Маржан Елшібаева Facebook парақшасында қолына 1 қарашадағы "Казахстанская правда" газетін ұстаған бастығының суретін жариялады. 

"Кабинетіне кіргенімде Казправда-ның жаңа нөмірін оқып отырғанын көрдім. Сенбейтіндерге айтарым газетті жақындатып, шыққан күнін көріп көз жеткізуге болады. Журналистердің қазір бастықтарың қайда?- деген сауалына не деп жауап беру туралы сұрағыма интеллигентті түрде жұмыс істеуге... жіберді", - деп жазды Маржан Елшібаева. 

Сурет тез арада танымал мем-ге айналды. Журналистер мен әртүрлі басылымдардың редакторлары «Неге Қазправда?" деп сұрап, Михаил Ломтадзеге өз газеттерімен суретке түсуді ұсынды. Интернетте Михаилдың басқа газеттерді қолына ұстаған мем-дері пайда болды. 

Сондай-ақ желіде Михаил Ломтадзенің "Казправдамен" ұшақ бортында немесе басқа жерде суретке түсе алуы мүмкін бе деген мәселе де көп талқыланды. Әдеттегідей, пайдаланушылар жоспарланған жарнама деген болжам да айтты: Сәрсенбі күні кешке Kaspi.kz-тің жұмысы қалпына келді. 

Компания техникалық жұмыстар жалғасып жатқанын және біраз уақытқа дейін қосымша жұмысында іркіліс болуы мүмкін деп ескертті. Қазақстандықтар үйреншікті сервистерді қалпына келтіруге түсінікпен және ризашылықпен қарады. Айтпақшы, бұл Kaspi-ге қатысты алғашқы ақпараттық шабуыл емес сондықтан олардың мұны әзіл деп қарауына болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

3 қараша 2018, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.