Атырау, 2 наурыз 10:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

​Ростов-на-Донудан Алматыға тікелей әуе рейсі ашылады

1 248 рет қаралды


Ресейлік "Азимут" авиакомпаниясы жылдың соңына дейін Ростов-на-Донудан Алматыға тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы авиакомпанияның бас директоры Павел Екжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды ПРАЙМ тілшісі.

"Біз рейстер санын көбейтіп жатырмыз, атап айтқанда желтоқсанның соңында Алматыға да жол ашуды жоспарлап отырмыз. Ал келесі жылдың жазында Калининградқа рейс ашамыз деп ойлаймын", - деді бас директор. 

"Азимут" әуекомпаниясы Ростов-на-Донудағы "Платов" әуежайында орналасқан. Қазір онда сегіз заманауи SSJ-100 ұшағы бар. Әуекомпанияның маршруттық желісі қазіргі уақытта Ресей аймақтарында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық бірлестік елдерінің қалаларында 32 бағытты қамтиды.

Дереккөз: tengrinews.kz

3 қараша 2018, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.