Атырау, 30 сәуір 18:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

​ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында 15 құжатқа қол қойылды

3 000 просмотра


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысында 15 құжатқа қол қойылды. Бұл туралы аталған отырыстан кейінгі брифингте ТМД-ның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бүгін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында мемлекеттердің экономикасы саласындағы өте өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ядролық нысандардың қауіпсіздігі, бейбіт мақсаттарда ғарыш кеңістігін бірлесе пайдалану тақырыптары қамтылды. Мұнымен қоса, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қызметінің бірқатар қаржылық мәселелерін регламенттейтін құжаттарға қол қойылды», - деді С. Лебедев.

Бұдан бөлек ол гуманитарлық саладағы ынтымақтастық бойынша тиісті талқылаулар болғанын атап өтті. «Жалпы, 15 құжатқа қол қойылды және олардың барлығы өте маңызды. Негізі, биыл Тәжікстанның аталған кеңеске табысты төрағалығын атап өткен жөн. Олардың жетекшілігімен барлық құжаттар тыңғылықты пысықталып, қабылдауға ұсынылды»,  - деді ТМД-ның атқарушы хатшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкімет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтіп, онда ТМД аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасылған болатын.  

Ал кеңейтілген құрамдағы отырыста Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзада ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-саттық кедергілерін жою бағытындағы жұмыстарға тоқталды.   

Дереккөз: inform.kz


2 қараша 2018, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.