Атырау, 11 қараша 08:25
 дождьВ Атырау +3.4
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

​ШҚО-да полицей формасын киген алаяқ әйел ұсталды

2 553 рет қаралды


Шығыс Қазақстан облысында полицей формасын киіп, біреудің үйін жалға беріп жүрген алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Павлодар полицейлері ШҚО-дағы әріптестестерімен біріге отырып алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ШҚО-ның 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ол әйел тұрғындарды алдап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жүрген", - деп хабарлады полицейлер. Қазіргі уақытта ұсталған әйел Өскеменнің тергеу изоляторында. "Осы дерекке қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді полициядағылар. 

Алаяқ әйелдің біреудің үйін өзі жалға алған болып, расында сол күні хабарлама беріп, үйді басқа біреулерге ұзақ мерзімге жалға беріп отырған.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 қараша 2018, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.