Атырау, 30 сәуір 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

​Елордалық МКД басшысының орынбасары мен "Әуежай Астана" кеден бекеті басшысынан не тәркіленді?

2 328 просмотра


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мен "Әуежай Астана" кеден бекетінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана бойынша департаментінің өкілдері Бас көлік прокуратурасымен біріге отырып Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, "Әуежай Астана" кеден бекетінің басшысы мен осы бекеттің бас маманын ұстады. Олар зергерлік бұйымдардың контрабандалық жолмен әкелінуі үшін кедендік бақылау жүргізбеу үшін жеке тұлғалардан пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясына сәйкес күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Бастарова. 


Дереккөз: tengrinews.kz

2 қараша 2018, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.