Атырау, 30 сәуір 18:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Мәдениет министрлігінде ұсталған лауазымды тұлғаларға қатысты сот үкім шығарды

2 397 просмотра


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлаған болатын.

Сот санкциясымен департамент директоры Еренай Дәржібаев үйқамаққа алынды. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюрода өткен брифинг барысында Жанна Бастарова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сот жауапты хатшыға қатысты  6 миллион теңге көлемінде кепіл бекітті. Ол  лауазымнан уақытша шеттетілді. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәдениет және спорт министрлігі жауапты хатшысы мен әкімшілік департаменті директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Олар мердігерлік ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу шартын жасасты және жалпы қамқорлық үшін пара алды деген күдікке ілініп отыр", — деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова. 

Сөз соңында агенттік өкілі тергеу амалдарының әлі де жүргізіліп жатқанына орай өзге деректерді жария ете алмайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, 26 қазан күні мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлады. Бірақ агенттіктің ресми өкілі қанша адамның ұсталғанын нақтылаған жоқ. Ол қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, басқа ақпараттың заңға сәйкес жария етілмейтінін жеткізді. Ал кейін Астана сотының баспасөз қызметі министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың 24 желтоқсанға дейін үйқамаққа алынғанын хабарлады.

Дереккөз: sputniknews.kz

1 қараша 2018, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.