Атырау, 25 наурыз 19:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

​Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

2 419 рет қаралды


Қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

1 желтоқсан Тұңғыш Президенттің күні болып саналады. Бұл мереке сенбі күніне түсіп тұрғандықтан бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін дүйсенбі 3 желтоқсан демалыс болады. 16 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. 

Әдетте Тәуелсіздік күнінде екі күн демалады, бірақ 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен қазақстандықтар 15-18 желтоқсан аралығында демалады. 19 желтоқсан жұмыс күні болады. Ал Жаңа жылда қазақстандықтар сенбі 29 желтоқсанда жұмысқа шығып, дүйсенбі 31 желтоқсанда демалады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

1 қараша 2018, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.