Атырау, 30 сәуір 23:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

​Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды

1 724 просмотра


Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды. Үкімет Ұлттық пантеонға байланысты қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізді. 

Жаңа құжат бойынша, бұдан былай Ұлттық пантеонға министрлер, мемлекеттік орган басшылары, президенттің қарамағындағы азаматтар, республикалық маңғызға ие қала, облыс әкімдері және Астана қаласының әкімдері жерленеді. 

Бұған дейін Ұлттық пантеонға ҚР президенті мен оның отбасы мүшелері, премьер-министр мен оның орынбасарлары және парламент палатасының төрағалары, ҚР мемлекеттік хатшылары, Президент әкімшілігі басшылары, Коституциялық кеңес, Жоғары Сот, Ұлттық Банк төрағалары жерленеді делінген. 

Былтыр Астана қаласының әкімі Ұлттық пантеон құрылысына 79 миллиард теңге кететінін айтқан. Пантеон Астана қаласынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылы маңына салынбақ.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

1 қараша 2018, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.