Атырау, 30 сәуір 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

​Петропавл әкімдігінің қызметкерлері 17 пәтерді заңсыз иемденген

1 755 просмотра


Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары Ұлттық қордан қаражатты ұрлау арқылы 17 мемлекеттік пәтерді заңсыз иеленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, тұрғындардан алдағы уақытта сүрілетін үйлермен бірге жер учаскелері сатып алынған. Одан кейін шенеуніктер оларды келісілген тұлғаларға рәсімдеген және артынан үйді меншік иелеріне әдейі үлеске бөлу (меншікке) арқылы меншік иелерінің санын жасанды түрде көбейткен.

"Нәтижесінде алынған бір тұрғын үйдің орнына мемлекеттік тұрғын үй қорынан екі-үш пәтерден алған. Мемлекетке келтірілген шығын 213 миллион теңгеден асады. Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Б.Өмірсейітоваға, облыстың аудандарының бірінің көші-қоны полициясының бастығы М.Сағдиге, заңгер Ж.Есетоваға және К. Өмірсейітовке қатысты мүлкін тәркілеумен 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыруға үкім шығарылды", - деп хабарлады прокуратура өкілдері. 

Ведомстводағылардың мәліметінше, келтірілген барлық шығын сотталғандардан бірлескен тәртіпте өндіріліп алынды.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 қараша 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.