Атырау, 30 сәуір 14:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Роскосмос "Союз" кемесі апатының себебін жариялады

1 260 просмотра


Байқоңырдан ұшырылған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы зымыранның бірінші және екінші басқышын ажырататын датчиктің дұрыс жұмыс істемеуінен апатқа ұшыраған. Бұл туралы қазанның 31-і күні "Роскосмос" агенттігі хабарлады.

Агенттіктің ғарышқа адам ұшыру жобалары бойынша директоры Сергей Крикалев датчиктің істен шығуынан бір басқыштың багы жарылғанын айтады.

Бұған дейін "Роскосмос" зымыран құрастыру кезінде зақымданғаннан апатқа ұшырауы мүмкін деп мәлімдеген.

Қазанның 11-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған "Союз" зымыран тасығышы әуеге көтерілгеннен бірнеше минуттан соң апатқа ұшыраған. Зымыран тасығышқа тіркелген "Союз МС-10" ғарыш кемесі халықаралық станцияға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейгті жеткізуі тиіс болған. Апаттансоң ғарышкерлер отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 километр қашықтыққа қонған. Бұл зымыранды ұшыру 4 миллиард 650 миллион рубльге сақтандырылған.

Дереккөз: azattyq.org

31 қазан 2018, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.