Атырау, 25 наурыз 21:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

​Министрліктегі ұстау: Жауапты хатшы кепілмен босатылды

2 100 рет қаралды


Сот Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті кепілмен босату туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сотқа дейінгі тергеу жұмысымен айналысқан органның күдікті Уәлиевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметіндегілер. 

Мұның алдында осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. 

Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді. Кейінірек Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың үй қамауына алынғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 қазан 2018, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.