
Lion Air әуе компаниясының ішкі рейсті орындайтын ұшағы бүгін Индонезияның батыс жағалауында теңізге құлады. Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров хабарлады.
"Индонезияның төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ", — деді Смадияров.
Бұған дейін хабарланғандай, апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде 189 адам болған, оның ішінде экипаждың жеті мүшесі бар.
Дүйсенбі күні таңертең Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған ұшақпен 13 минуттан кейін байланыс үзілген. Тағы бірнеше минуттан кейін теңіздегі азаматтық кемелерден Батыс Ява жағалауынан ұшақтың сынықтары табылғаны туралы ақпарат түсті.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау 0