
Ақтауда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкерлері кортеж жүргізушісіне айыппұл салды, деп жазды www.lada.kz.
«Әлеуметтік желіде жарияланған «Перзентханадан келе жатқан кортеж» атты бейнероликтегі көрініс бойынша полиция тиісті шара қолданды»,-деп жазады портал.
Кадрда кортеж жүргізушілерінің көліктерімен жолда бей-берекетсіз кетіп бара жатқаны көрінеді. Ал жолаушылардың бірі көліктің терезесінен шығып алған.
«Жолаушысы қауіпсіздік белбеуін тақпай отырған көлік жүргізушісіне полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 593 бабы 1 бөлігі бойынша хаттама толтырды»,-деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзу әрекеттеріне қатысты бап. Бұл бап 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 12 мың 25 теңге көлемінде айыппұл салуды қарастырады.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау 0