Атырау, 23 желтоқсан 23:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстандықтар жыл басынан бері төлем картасынан 8,6 триллион теңге шешіп алған

1 588 рет қаралды


Қазақстандықтар жыл басынан бері төлем картасынан 8,6 триллион теңге шешіп алған, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі  Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап. 

Осылайша, мамандардың сөзіне қарағанда бір жылда төлем карталарынан шешілген қаражат 26,4 пайызға көбейген. Олардың 99,9 пайызы карталардың халықаралық жүйесі арқылы жүргізілген. 

"Қаражаттың 95,3 пайызы Visa және MasterCard төлем карталарымен қолма-қол ақшаға айналдырылған. Соңғы екі жылда карта нарығында MasterCard көш бастап тұр. MasterCard арқылы шешілген қаражат бір жылда 70,7 пайызға өсіп, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 2,7 триллион теңгеге жеткен. Былтыр бұл көрсеткіш 66,5 пайыз болған еді", - дейді сарапшылар. 

Осылайша, елімізде жыл басынан бері төлем картасынан 8,6 триллион теңге шешіп алынған.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 қазан 2018, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.