Атырау, 23 желтоқсан 23:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыда әкесі туған қызын экскаватормен басып кетті

1 853 рет қаралды


Ер адам салмағы бірнеше тонна болатын көліктің маңында ойнап жүрген қызын көрмей қалған. Алматы қаласының маңында экскаватор жүргізушісі көлік маңында ойнап жүрген 2 жасар қызын көрмей, оны басып кетті. 

Қайғылы оқиға Алматы қаласының маңындағы Көлсай шағын ауданындағы жекеменшік секторда болды.

Ер адам үйіне келіп, экскаваторын қақпаның жанына қояды. Араға біраз уақыт салып көлікке отырып, жұмысқа оралады. Осы сәтте ол көлік маңында ойнап жүрген жасы екіге де жетпеген қызын көрмей қалады.

2 жасар бөпе сол жерде ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше өлді. Қазіргі сәтте оқиға болған жерде жедел тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бала өліміне ата-анасының қаншалықты қатысы бар екені тергеу және сот кезінде анықталатын болады.

Дереккөз: sputniknews.kz

26 қазан 2018, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.